Армысың, Әз - Наурыз !
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Наурыз – жер шуаққа кенелетін жыл басы. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қыдыр ата кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Бұл күні адамдар бір-біріне деген реніштерін тарқатып, төс қағыстырады. Наурыз мейрамын бүкіл ел болып атап өтіледі. Ағаштар отырғызылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Жеті түрлі дәмнен «Наурыз көже» әзірленеді.
Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз-Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Қазақ КСР Президентінің қаулысының негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.
Наурыз - табиғаттағы бар тіршлік оянып, жер дүние нұрға бөленетін ғажап мейрам. Осы Ұлыстың ұлы күніне орай гимназиямыздың ауласына ағаш отырғызылып, жасыл желекпен көмкерілді. "Бір тал кессең, он тал ек" демекші, мектеп ауласына отырғызылған жасыл желектеріміз келешекте ауламыздың ажарын ашып, сәнін келтіреріне сеніміміз мол.