«Наурыз – Мәңгілік Ел салтанаты» кітап көрмесі
«Наурыз – Мәңгілік Ел салтанаты» кітап көрмесі
![]() | ![]() | ![]() |
Гимназиямызда Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – Мәңгілік Ел салтанаты» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне «Дәстүр», «Мәдениет» журналдарының материалдары, «Сен білесің бе?» айдарымен шыққан баспа кітапшалар, «Наурыз» тақырыптық жинағының материалдар топтамасы пайдаланылды. Сондай-ақ, көрмеде кітап қорына жаңадан түскен қазақ халқының әдет –ғұрыптары, дәстүрі мен мәдениеті туралы ақпарат беретін әдебиеттер топтамасы, кітаптар, мақалалар, журналдар, суреттер ұсынылды.
![]() | ![]() | ![]() |
Наурыз мерекесіне орай кітапханашылармыз бастауыш сынып оқушылары арасында "Ертегілер еліне саяхат " атты танымдық сағатын өткізді. Оқушылар өздері білетін ертегі кейіпкерлерінің суреттерін тауып, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді. Ертегі кейіпкерлері бойынша суреттер көрмесі ұйымдастырылып, жаңа ертегілер топтамасы таныстырылды.
Кітап – адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым – білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап – адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал.
Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден – бір сенімді серігі екені мәлім. Ата – бабамыздың тамыры терең тарихын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.