Жамбыл облысы білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
январь
2021

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ

2021 жылдың 25 қаңтар күні 9-11 сынып оқушыларының діни сауаттылығын арттыру мақсатында білім бөлімінің тарапынан дін мәселелері және теріс діннің ықпалы мен қоғамға зияндығы туралы ZOOM платформасында 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы А.Сәрсенбаев қатысып, мектеп түлектері арасында діни оқу орндарына түсуге ниеттілер болса, еліміздегі діни медреселерді таңдау шарттарына тоқталды. Сондай-ақ «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде тіркелген жасөспірімдердің теріс діни ағымдардың арбауына түсіп қалмас үшін, қауіпсіздік шараларымен таныстырды.

Дәріс барысында дінтанушы маман тарапынан тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдар, олардың қоғамға кері әсері туралы түсіндіре отырып, олардың интернет желісі  арқылы жүргізетін манипуляциялық амалдарынан сақтанудың жолдары туралы кеңес берілді.