Жамбыл облысы білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «КӘСІПКЕРЛІК» ЖАЙЛЫ МАҢЫЗДЫ ДӘРІС
06
апрель
2021

«КӘСІПКЕРЛІК» ЖАЙЛЫ МАҢЫЗДЫ ДӘРІС


2020-2021 оқу жылының IV тоқсанында Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты пәні бойынша кәсіпкерлердің, бизнес-тренерлердің, сарапшылардың  қатысуымен кездесулер өткізілуде. Осы жоба аясында Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 11-сынып білім алушыларымен ZOOM платформасында Елешова Гульсим Шыныбаевна «ASIMUS» матрaц фабрикасының және «MEGA MI» оқыту орталығының директорының қатысуымен дәріс сабақ өткізілді. Дәріс өте тартымды, қызықты ақпараттарға толы болды. Білім алушылар тарапынан Елешова Гульсим Шыныбаевнаға түрлі өздерін қызықтырған сауалдар қойылды. Оқумен қатар болашақта өз жеке кәсібін дөңгелетуді жоспарлаған шәкірттерге өзінің іс -тәжірбиесімен бөлісті. «Атамекен» ӨКП, Елешова Гульсим Шыныбаевнаға, сонымен қатар білім бөлімінің мамандарына үлкен алғыс айтамыз. Болашақта біздің түлектер дәрістен түйгендерін өздерінің өмірлік тәжірбиелерінде қолданатынына кәміл сенімдіміз.

Ағымдағы оқу жылында   Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдері арасында «Математикалық регата» облыстық олимпиадасы мен   мұғалімдер арасындағы «Педагогикалық идеялар» республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өткізілді.  Аталған жарыс қорытындылары бойынша гимназиямыздың математика пәні мұғалімі, ж.ғ.магистрі Естаев Дәурен Естайұлы жүлделі орындарға ие болды.  Әріптесімізді жеңістерімен құттықтаймыз!!!

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні   мұғалімі: Абдуанова М.О.