Білім ордамыздағы «БІЛІМ КҮНІ»
Білім күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара.
Өңіріміздегі 100 жылдан астам тарихы бар көне білім беру ордаларының бірі – Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында алғашқы қоңырау соғылып, 198 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Білім күніне орай өткізілген салтанатты жиынның арнайы қонақтары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдиев Алмас Үскенбайұлы мен Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Құлекеев Батырбек Әбдірәсілұлы дәстүрлі форматта басталғалы отырған оқу жылында мектеп оқушыларына мықты денсаулық, жаңашылдық пен толағай табыс тіледі.
Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне негізделген “Әліппе” салтанатты түрде табысталды.
Сонымен қатар, жиында ұмытылмас мерекелік нөмірлер дайындалды: әуезді ән, би, театрландырылған қойылым. Қойылым Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты әзірленді. Қойылым барысында Жамбыл атаға алғаш мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз оқуда озат, білімге құштар, ойлы азамат болуға уәде берді.
Жаңа оқу жылы баршаңызға табысты болсын!
Мектеп директоры: Қызылғұлова Ләззат Әбілдақызы