Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек - Білім күні
01
сентябрь
2020

1 қыркүйек - Білім күні


 

Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

                                                   Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

                                        Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

Білім Күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Бірінші сынып оқушылары және олардың ата-аналары үшін – бұл алғашқы қоңырау мерекесі.

Бүгін Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиямызда Білім күніне орай «Бейбітшілік пен келісім» тақырыбында өткізілген онлайн сабаққа облыс әкімінің орынбасары Жазылбек Ұлан Еркінұлы қатысып, оқушыларды Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Білім беру мекемелерінің педагогтары мен оқушылары бүгін, яғни 1 қыркүйек күні күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезең бастамасы. Жаңа оқу жылы баршаңызға қызықты әрі табысты болсын! 


      Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мұсабекова М.Д.