Жалпыадамзаттық құндылықтар – рухани дамудың қайнар көзі
Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Олар бізге бала кезден, ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиямызда 23 қараша – Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай, білім алушылардың белсенді қатысуымен адамның рухани-адамгершілік әлеуетін арттыруға, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға бағытталған бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Сүйіспеншілік– адамның басты қасиеті, ақиқат – оның негізі, дұрыс әрекет – оның шынайы өмірі» тақырыбында шаттық шеңберлері, сынып сағаттары, Жалпыадамзаттық құндылықтарға арналған эссе жазу байқауы, «Жүрек қуанышы» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі, рухани-адамгершілік тәрбиеге арналған кітаптар көрмесі.
6 «Б» сынып оқушысы
Туребек Томирис