Ғалым болам десеңіз... » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ғалым болам десеңіз...
14
ақпан
2022

Ғалым болам десеңіз...

Ақпан айы мектебіміз үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Соның бірі Ақмола облысы, Щучье қаласында өткен 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХVІІ Республикалық «Зерде» байқауында «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша қатысқан 7 «Ғ» сынып оқушысы Ғаниқызы Балнұр облыс намысын қорғап, жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Жас ғалымның жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, гуманитарлық ғылымдар магистрі Тұрғантай Ақбөпе Әжіметқызы.

«Ай мен Айша» романындағы антропонимдер» тақырыбы бойынша жазылған ғылыми жоба белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның шығармаларын ономастикалық тұрғыдан зерттеді. Қазіргі таңда ономастика ғылымын антропоцентристік парадигмада, когнитивтік лингвистика тұрғысынан халық танымына негіздей отырып зерттеудің өзектілігін басшылыққа алды.

Зерттеу жұмысының эксперименттік бөлімінде ХТИИ «Шерхантану және рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор А.Т.Кембаевамен сұхбаттасу барысында Ш.Мұртаза шығармаларының ономастикалық тұрғыда зерттелмегенін аңғара отырып, жас ғалым жетекшісімен бірге зерттеудің мақсат, міндеттерін айқындады. Шерхантану ғылымында ономастикалық тұрғыда зерттелген бұл жоба тың тақырыптардың бірі еді.

Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов кітапханасында Қазақ Ономастика ғылымының атасы – Телқожа Жанұзақтың, Жамбыл облысы ойконимдерін зерттеген ономаст ғалым Зиба Құламанованың, көркем шығармалардағы онимдерді зерттеу бойынша С.Иманбердиеваның еңбектеріне шолу жасай отырып, романда кездесетін 677 онимді 8 ономастикалық разряд бойынша статистикасын анықтап, 396 антропонимнің ішінен 112 экспрессивтік-бағалауыштық реңк беретін тірек онимдер, прерифраз, оккозионал, еркелету мәнді есімдер, трансонимдер анықталып, талдау жасалуы ғылыми жобаның жаңалығына айналды.

Республикалық дәрежеде өз құндылығын дәлелдей алған бұл жобаны Б.Ғаниқызы жетекшісімен бірге алдағы уақытта тарихи-тілдік тұрғыдан дамыта зерттегісі келеді.

Сонымен қатар, мектептің жас ғалымы білімнің қайнар көзі алтын ұя мектебіне, байқауға қатысуда үлкен қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар берген мектеп директоры Л.Ә.Қызылғұловаға, ДӘЖО Н.С.Баймақашеваға, «Қазақ тілі» бірлестігінің жетекшісі Ш.Н.Есенов пен жоба жетекшісі А.Ә.Тұрғантайға үлкен алғысын білдіреді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мұсабекова М.Д.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив