Құқықтық білім беру айлығы аясында
«Құқықтық білім беру» айлығы аясында оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру, ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту, оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру мақсатында 1-10 сынып оқушылары арасында, «Бала құқығы туралы Конвенция», «ҚР бала құқығы», «Шалыс қадам», «Кәмелетке жасы толмағандардың құқықтық және әкімшілік жауапкершіліктері» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді.
Құқықтық білім берудің маңыздылығы күн өткен сайын арта түсуде. Заңды білу – заман талабына айналды. Әр азаматқа қазіргі қоғамдағы қарым-қатынас заңдылықтарын терең ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет. Қазақстан Республикасындағы жастардың басты борышы – азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын, міндеттерін оқып үйрену, орындау, заңды құрметтеу, құқықтық білім алу.
6 «Б» сынып оқушысы
Шәкірбай Файза