12
қазан
2020
«Қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім алушылардың жауапкершілігі» 6-11 сынып оқушылары арасындағы ер балалар жиналысы
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу жөніндегі кеңес отырысының 2020 жылғы 18 қыркүйектегі №9 хаттамасын орындау мақсатында гимназия әкімшілігі, директордың құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Исаевтың Тараз қ. 1-ПБ полиция аға лейтенанты Т.Сейсенбековпен бірлесіп, «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім алушылардың жауапкершілігі» тақырыбында 6-11 сынып ұл балаларымен өткізілген жиналыста қашықтықтан оқыту жағдайында сабақ кезінде білім алушылардың көшеде жүру, тәртіп бұзу, құқық бұзу мәселелері қозғалды. ҚР ӘҚБТК баптары (442,132,435,127) бойынша кәмелетке толмағандарға қолданылатын жауапкершілік түрлеріне тоқталып, білім алушыларға қатаң ескертілді.