«Бақылаудағы бала» жобасы жүзеге асырылуда » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бақылаудағы бала» жобасы жүзеге асырылуда
10
қазан
2020

«Бақылаудағы бала» жобасы жүзеге асырылуда


Қазан айының басында Құқық бұзушылықтың алдын алу құқықтық тәрбие беру кеңесінің кезектен тыс кеңейтілген отырысында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің тарапынан әзірленіп, Тараз қалалық полиция басқармасымен келісілген жаңа оқу жылының басталуына орай кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы «Бақылаудағы бала» атты жоба ұстаздарға таныстырылды. 

         Карантиндік жағдайда мектептер тарапынан профилактикалық іс-шаралар қашықтан жүргізілетіндіктен, жоба аясында әр мектеп бойынша күнделікті қадағалауды қажет ететін балалар тізімі қалыптастырылады. Мектеп әкімшілігі мен инспектор тарапынан аталған санаттағы балалармен профилактикалық шаралар жүзеге асырылады. Аталған іс-шараға ата-аналар қауымы да қамтылып, мектеп әкімшілігімен нәтижеге бағытталған жұмыстарды атқаруға атсалысады.