25
сәуір
2022
«Қос ішектің күмбірі»
Қазақ халқының асыл мұрасы – күй өнері. Өз заманында жарыққа шыққан қазақ күйлері халқының күнделікті өмірімен біте қайнасып, ауыздан-ауызға тарап, қолдан-қолға көшіп біздің заманымызға жетті. Халқымыз жан сарайының көңіл күйі мен асыл арманын, қоғамға деген көзқарасын домбыраның қос ішегі арқылы жеткізе білді. Күй жанрының басқа өнер саласынан ең басты айырмашылығы – адам баласы ауызбен айтып, бояумен бейнелеп бере алмайтын табиғаттың тылсым сыры мен сұлулығын музыка ырғағымен үндесе білуінде.
Осыған орай, жақында өткен IV қалалық "Қос ішектің күмбірі" домбырашылар байқауында гимназиямыздың "Шаттық" триосы Бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
6 «Б» сынып оқушысы
Ахымбетов Асхат