"Өлкеңді таны" танымдық ойыны
Отан – отбасынан басталады. Ал Отанды сүю өскен өлкенің қадір-қасиетін ұғудан, оның әр тасын қасиетке балап, биік бағалаудан басталмақ. Осы ретте Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Ұлттық рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасыныңқазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту міндеттемесі бойынша «Дәстүр мен ғұрып», «Туған жер» арнайы жобаларын жүзеге асыру мақсатында «Өлкеңді таны» танымдық ойынын ұйымдастырды.
Бұл ойын 2021 жылы алғаш рет эксперименталды түрде ұйымдастырылып, өскелең жастар арасында жоғары бағаланды. Сондықтан да биылғы жылы да бұл ойынды қайта жаңғыртып, өткізу ұйғарылды.
Бүгінгі танымдық ойыноблыс аумағындағы 10-сынып оқушылары арасында өтті. Әлеуметтік желіде жарияланған хабарлама бойынша ойынға қатысуға жалпы 30-дан аса оқушы өтінім берген. Оның 22-сі іріктеу кезеңіне қатысып, ең жоғарғы ұпай жинаған 8 оқушы финалдық турға жолдама алып, өз бақтарын сынады. 8 оқушы арасында гимназиямыздан 10 «Ә» сынып оқушысы Расылхан Ұлжан қатысып, ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы сый-сияпаттармен марапатталды.
10 «А» сынып оқушысы
Әбутәліпқызы Мадина