Гимназия қоржынында алтын медаль » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Гимназия қоржынында алтын медаль
22
сәуір
2022

Гимназия қоржынында алтын медаль

Ағымдағы жылдың 18-21 cәуір күндері аралығында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының  ұйымдастыруымен  9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша  Республикалық олимпиаданың IV кезеңі өңірлік «U-Study» тестілеу орталықтарында  «Oqylyq.kz» платформасы арқылы өткізілді. Олимпиадаға республиканың барлық аймақтарынан 951 оқушы қатысып,  өзара сынға түсті.

Республикалық олимпиада  нәтижесінде гимназиямыздың  10 «Б» сынып оқушысы Кан Анна  құқық негіздері пәні бойынша 1-орынды иеленіп, гимназиямыздың қоржынын  алтын медальмен толықтырды. «Дарынды шәкірт – білікті ұстаздан» демекші, Аннаның жетекшісі тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Жангабулова Салтанат Әбілдақызы. 

Оқушының бойынан дарындылықты тани білу, жеке қабілетін анықтап сол бағытта жетелеу, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу,   шығармашылық бағытта жан-жақты дамытып, нәтижесін көру – білікті ұстаздың қарқынды еңбегінің жемісі. 

Гимназиямыздың абыройын асқақтатар, өздерін білім бәйгесінде, өнер әлемінде, спорт көгінде көрсетер дарынды шәкірттеріміз көбейе берсін! 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мұсабекова М.Д.