Жолда жүру ережелерін білеміз бе? » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жолда жүру ережелерін білеміз бе?
20
мамыр
2022

Жолда жүру ережелерін білеміз бе?


25 сәуір мен 25 мамыр аралығында гимназиямызда жолда жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы  білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру мақсатында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық өтуде. Мектепішілік жоспарға сәйкес, айлық барысында әр сыныпта «Жолда жүру ережесі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында  «Жаяу жүргінші, назар аудар!» тақырыбында сурет көрмесі, «Жолдос көмекке асығады» мульфильмінің көрсетілімі, 5-8 сынып оқушылары арасында « Балалар, назар аударыңдар!» шығарма байқауы ұйымдастырылды. Жол полициясы қызметкерлерімен кездесу, «Мектеп әуені» радиосының тақырыптық шығарылымдары жоспарға сәйкес өткізілуде. Жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыздар. Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік!

6 «Б» сынып оқушысы

Сабырбек Әсел