11 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗДАР КҮНІ
11 қазан – Халықаралық қыздар күніне орай, 1 гимназиямызда 4-9 қазан аралығында «Қыз бала – қоғам шырайы» атты апталық өткізілді. Апталық барысында «Қыз өссе, елдің көркі» тақырыбында сынып сағаттары қашықтықтан өткізілді. «Мектеп әуені» радиосы арқылы қыз бала тәрбиесіне қатысты қоғамға белгілі әйел азаматтардың ақыл-кеңестері мен ақындардың жыр шумақтары оқылды. «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Б.Әлмұратова мен гимназия медбикесі А.Сагинова бірлесе отырып, «Салауаттық – салтымыз» тақырыбында қыздармен кездесу өткізді. «Тапқыр» дебат клубының жетекшісі Ә.Қыздарбеков 9-сынып оқушылары арасында "Қыз баланың қоғамдағы рөлі қандай?" тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырды.
Қазақ халқы – қыз баланы тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің алтын діңгегі жарық дүниедегі әдемілік пен сұлулықтың тәңірісі деп бағалаған. Тәрбиелі, білімді қыз - қоғамымыздың баға жетпес байлығы.
6 «Б» сынып оқушысы
Сабырбек Әсел