28
қаңтар
2025
Оқушылармен кездесу
Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің криминалистика бөлімінің бастығы Байдалиев Мақсат Құралбекұлының қатысуымен маңызды кездесу өтті. Бұл кездесудің негізгі тақырыбы – қазіргі заманның өзекті мәселелері: "Дропперлар", "Цифрлық гигиена", "Онлайн шопингтегі алаяқтар" болды.
Байдалиев Мақсат Құралбекұлы оқушыларға цифрлық қауіпсіздік ережелері, интернеттегі алаяқтықтың түрлері мен олардан сақтану жолдары туралы түсінікті әрі пайдалы ақпарат берді. Сонымен қатар, "дропперлер" сияқты жаңа ұғымдар туралы жан-жақты айтып, олардың қоғамға тигізетін кері әсерін түсіндірді.
Кездесу барысында оқушылар үлкен қызығушылық танытып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар жас буынның ақпараттық сауаттылығын арттырып, интернеттегі қауіп-қатерден сақтануға көмектеседі.