28
сәуір
2025
“Алтын сақа” пәндік олимпиадасы
3-4 сыныптар арасында өткен Республикалық “Алтын сақа” пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде гимназиямыздың 3 «Ә» сынып оқушысы Сейтмахан Айәділ жүлделі 1-орынды иеленді. Жетекшісі Тойшиманова Дамира Альнуровна.
Бұл олимпиада математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыруды және қабілетті балаларды анықтап, оларды ынталандыруды мақсат етеді.
Олимпиада логикалық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Айәділдің республикалық кезеңнен өтуіне сәттілік тілейміз!
Жетістігің - жолыңның жарқын бастауы болсын, Айәділ!
Құттықтаймыз!