06
мамыр
2025
Алтын сақа
«Алтын сақа» интеллектуалды ойынының 5-6 сынып оқушылары арасындағы облыстық кезеңінде гимназиямыздың оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.
5-сынып оқушысы Ажимаматов Билал үздік ойын көрсетіп, І орын иеленді. Жетекшісі – математика пәні мұғалімі Карих Марина Вячеславовна.
6-сынып оқушысы Ильяс Аслан да үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орын жеңіп алды. Жетекшісі – математика пәні мұғалімі Естаев Дәурен Естайұлы.
Білім мен зерденің бәйгесінде дара шыққан шәкірттерімізге алғысымызды білдіреміз!
Республикалық кезеңге жолдама алған Билалға сәттілік пен жеңіс тілейміз!