20
қаңтар
2025
Ата-аналар жиналысы
2-тоқсан қорытындысы бойынша 9-11сынып аралығында да ата-аналар жиналыстары өтті. Жиналыста күн тәртібіне қойылған сұрақтар аясында келесі мәселелер қарастырылды:
🔷 2-тоқсан қорытындысы: оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі талданды.
🔷 Ата-ана міндеттері: балалардың оқуына қолдау көрсету және тәртіпті бақылау әдістері талқыланды.
🔷 Мектептің ішкі тәртіп ережелері: мектеп талаптарын орындаудың маңыздылығы түсіндірілді.
🔷 Интернет қауіпсіздігі: балалардың ғаламторды қауіпсіз пайдалану ережелері баяндалды.
📌 Сонымен қатар, ата-аналарға «Баламен қалай сөйлесу керек?» атты жадынама таратылды. Бұл материал бала тәрбиесінде ата-аналарға көмекші құрал ретінде ұсынылды.
📌 Жиналыс аясында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, балалардың оқу үлгерімін талқылауға мүмкіндік алды.
Қатысқандары үшін барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
🔔 Балалардың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс жасайық!