Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Единое общереспубликанское родительское собрание
20
август
2020

Единое общереспубликанское родительское собрание

20 тамыз күні Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында 1-11 сыныптар аралығында, жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқыту ерекшеліктерін ата-аналарға түсіндіру мақсатында ZOOM платформасында белгіленген уақыттарда бірыңғай ата-аналар  жиналысы өткізілді. 

Елімізде орын алған пандемияның таралуына жол бермеуге байланысты биылғы жаңа оқу жылының І тоқсаны қашықтан оқытылатыны, оқушылардың екі ауысымда оқитыны туралы, жаңа оқу платформалары түсіндірілді. 2020-2021 оқу жылы бірнеше платформаларда білім алушыларға білім беру көзделіп отырғаны сөз етілді. Электрондық журнал форматына енгізілген жаңа өзгерістер айтылды. 

«Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекеті және жұмыс орны» деген тақырыпта мүмкіндігінше жұмыс үстелі табиғи жарыққа жақын болуы керектігін, мүмкіндігінше баланың жұмыс орны жас балалардың қол жетімділігінен алыс болуы қажеттігін, жарықтандыру үшін қарапайым шамдарды қолдануға болатындығы, жарық жоғарыдан пернетақтаға түскені дұрыстығы, баланың жұмыс істейтін үстелінде жазатын қолы жағынан (әдетте оң жақта) қағазға жазып жұмыс істеу үшін орын қалдырған оңтайлылығы, баланың жұмысы кезінде бөлмедегі теледидар өшіріліп, мүмкіндігінше тыныштық пен жұмыс ортасы қамтамасыз етілгені дұрыстығына баса назар аударуы керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелері, интернеттегі балалардың жұмысын бақылауы,  ережелерімен таныстыру және ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы түсіндірілді. Ата-аналар да осы тақырыптарда өз ойларын ортаға салып, өз пікірлерімен бөлісті.