19
қаңтар
2025
Ата-аналар жиналысы
Ә. Бөкейханов атындағы #1 гимназияда 18.01.2025 жылы бастауыш сыныптарында ата - аналар жиналысы өткізілді. Кезекті ата-аналар жиналысының тақырыбы “Баланың бас ұстазы - Ата-ана”.
Қай заманда, қандай қоғамда болсын отбасындағы бала тәрбиесі аса өзекті мәселелердің бірі болған. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастапқы негізгі ұйытқысы да ата-ана болып қала беретіндігіне еш күмән жоқ. Отбасы – Адам баласының алтын діңгегі, ыстық ұясы. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, алдымен тәрбие алады.Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі болып есептеледі.
Жиналыста:
1.Әр сынып жетекші 3 тоқсанда оқушылардың сабаққа дайындығын бақылап,оқушылардың формасы мен санитарлық нормаларын сақтауға шақырды.
2.Қауіпсіздік ережелерін ата - аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отыруы жайлы сөз қозғалды.
3.Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуі үшін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерімен қоса ата – аналар да бірлесіп жұмыс жасауға шақырылды.
4.Оқушылардың тәртібіне және күнделікті сабаққа кешікпей келуіне аса назар аудару ескертілді.
Жиналыс ата-аналар үшін түрлі пайдалы ақпараттарға толы болды.
⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️⚜️
Гимназиямызда қаңтардың 18 күні 2- тоқсан қорытындысы бойынша 5-7 сыныптар арасында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:
1. 2 тоқсан үлгерімінің қорытындысы. Сыныптың оқу-тәрбие жұмысын
3-тоқсанға жоспарлау.
2. Ата-аналарды балаларды саналы тәртіпті тәрбиелеу әдістерімен таныстыру және интернет желісіндегі балалардың қауіпсіздігі мәселесін өзектендіру.
3. Гимназияның Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Мектепке, үйге және қоғамдық орындарға барар жолда жол ережелерін сақтау.
4. Әр түрлі мәселелер.
📌 Жиналыста оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және түрлі шараларға қатысу белсенділігі талқыланды. Жиналыс барысында сынып жетекшісі тоқсандық бағалар мен оқу процесіндегі жетістіктерді атап өтіп, оқу барысындағы мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.
📌 Интернет желісіндегі қауіпсіздік шаралары, балалардың саналы тәртібін тәрбиелеу жолдары талқыланады.
📌 Оқушылардың мектептің Жарғысы мен тәртіп ережелерін сақтау деңгейі қаралады. Мектепке, үйге және қоғамдық орындарға барар жолдағы қауіпсіздік, әсіресе жол ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндіріледі.
📌 Жиналыс соңында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, оқушылардың оқу сапасын арттыру үшін ұсыныстарын ортаға салды.