Материалы за 18.02.2025 » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 18.02.2025
Волейболдан турнир
18
ақпан
2025
Волейболдан турнир
Тараз қаласында өткен волейболдан ұлдар арасындағы ашық турнирде №1 гимназияның командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі 2-орынды иеленді! Бұл жетістік – біздің оқушылардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби дайындығының нәтижесі. Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруды тілейміз!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
18
ақпан
2025
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Сидней олимпиадасының жеңімпазы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Республикалық ашық турнирде"80 кг" салмақ дәрежесінде 🥇 1-орынды гимназиямыздың мақтанышы, 9 "Ә" сынып оқушысы Бауыржан Алиакбар жеңіп алды! 🏆 Алиакбарды жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісің баянды болып, спорттағы жетістіктерің арта берсін! Гимназиямыз сенің табыстарыңмен мақтанады!
Халықаралық кітап сыйлау мерекесі
18
ақпан
2025
Халықаралық кітап сыйлау мерекесі
14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау мерекесінің шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур - әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні, "Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?" деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің