Республикалық қашықтықтан өткен «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ» пәндік олимпиадасының жеңімпаздары: «Мемлекеттік тіл-менің тілім»
Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. 10-15 наурыз аралығында Республикалық «Ұлы қазақ тілі» атты 1-11 сынып оқушыларына арналған пәндік олимпиада өтті. Олимпиада нәтижесінде, 1 «В» сынып оқушысы Сальникова Марина мен 2 «В» сынып оқушысы Исақ Айару І орын алып, гимназиямыздың абыройын асқақтатты.
Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық! Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.