Жамбыл облысы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Единый общереспубликанский классный час
21
август
2020

Единый общереспубликанский классный час

21 тамыз күні Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын?» тақырыбында бірыңғай жалпыреспубликалық сынып сағаттары өтті. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы енген оқу ерекшеліктері туралы оқушыларға толық ақпарат берілді.  Сабақ барысында ұстаздар білім алушыларға төмендегідей сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді:

  • жаңа оқу жылындағы оқу форматтары,
  • қашықтан оқыту процесі жүргізілетін білім беру Интернет-платформасымен танысу,
  • мен және менің денсаулығым,
  • жаңа оқу жылындағы оқу жетістіктері қалай бағаланады,
  • интернетте жұмыс істеу ережелері.

Сондай-ақ, қашықтан оқу форматына қарамастан «Балапан» арнасында қазақ тілінде және «Ел-Арна» арнасында орыс тілінде оқитын оқушыларға дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қосымша білім беру ресурсы ретінде телевизиялық сабақтар арқылы оқуға мүмкіндік беріледі. Телевизиялық сабақтар теледидар эфирінде, әлеуметтік желілерде жарияланған кестеге сәйкес өткізілетіні туралы оқушыларға ескертілді. Телевизиялық сабақтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің online.edu.kz ресми арналарында тегін қолжетімді болады.

            Сынып сағаттары өте жоғары деңгейде өтілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оған тиісті жауап алып отырды. Жаңа 2020-2021 оқу жылында мектеп абыройын асқақтатар білімді де озат оқушыларымыздың саны арта берсін!