Мектебіміздің мақтанышы «Бала дауысы-2020» байқауының ІІ премия иегері –Ғазизжанұлы Бекмұхамед
Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауы 4 жыл бойына Қазақстанның мәдени өміріндегі ең айтулы оқиғалардың бірі болып табылады.
17 қазанда Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қолдауымен «Жандану әлемі» қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі өткізген «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауының бесінші маусымының қорытындысы шығарылды.
Қазақстанның түпкір түпкірінен келген 5 458 сәби 3 ай бойы байқаудың іріктеу сатыларынан өтіп, 17 өңірден келген 8 жас пен 12 жас аралығындағы 20 бүлдіршін оның финалдық бөліміне қатысу құқығына ие болды.
«Бала дауысы – 2016» алғашқы сәтті сынақ болды. Үш айдан артық уақыт бойына отандық сахна жұлдыздары 7 жас пен 13 жас аралығындағы ең талантты балаларды суырып алу үшін ел аралап, төрт мыңға жуық баланың даусын тыңдады. Айқын Төлепберген, Маржан Арапбаева, Медеу Арынбаев, Жанар Дұғалова, Толқын Забирова, Әли Оқапов, Диана Шарапова сияқты және тағы басқа кәсіби әртістер 23 финалға қатысушының тәлімгеріне айналды, бұл қатысушылар Алматы қаласына келіп, «Жұлдызды үйде» тұрып, шамамен үш аптаға жуық уақыт бойына вокалмен және хореографиямен шұғылданды. Қазақстандық авторлар кішкентай әртістер үшін хиттер жазып, бұл хиттер суперфиналда орындалды. Миллиондаған қазақстандықтар дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтап, қазақстандық сахнада жаңа жұлдыздардың тууына куәгер болды.
17 қазанда финалға қатысушы балалардың және олардың тәлімгерлерінің қатысуымен «Ұмайдың мейірімді ертегілері» музыкалық балалар спектаклі болды.Спектакльден кейін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бесінші маусымның Гран-при иегері болып, Маңғыстау облысынан келген 12 жасар Армен Саакян атанды. Бірінші премияны Ақтөбе облысынан Аккулов Айдар иеленсе, екінші премияны Павлодар облысынан Цечоева Лейле мен Жамбыл облысынан Ғазизжанұлы Бекмұхамед иеленді. Жеңісің құтты болсын, Бекмұхамед! Өнерің–өрге жүзсін! Мектебіміздің абыройын асқақтатар талантты шәкірттеріміз арта берсін!!!