Жамбыл облысы білім басқармасы
Тараз қаласы білім бөлімінің
"А.Бөкейханов атындағы №1 гимназия "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ
13
февраль
2021

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан»,- деп ұлы Абай айтқандай, ең басты маман ол - ұстаз. Өйткені, ұстаз барлық маманды тәрбиелейді, бәріне білім береді. Бүгінде мемлекетімізде ұстаздардың мәртебесін көтеру, оларға тиісті жағдай жасау үшін үлкен іс-шаралар басталып, жүзеге асырылуда. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы, сарабдал саясатының аясында елімізде білім саласын дамытуға зор көңіл бөлініп, ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  білім саласына ерекше назар аударып отыр.

Бүгінде қаламызда өз саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өз кәсібінің шебері атанып жүрген ұстаздарымыз баршылық. Жақында, қалалық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» байқауы өтті. Қаламыздағы 60 білім беру ордасынан өзінің үздік педагогикалық озық тәжірибесімен ерекшеленіп, бас жүлдені иеленген гимназиямыздың беделді ұстаздарының бірі - Рапильбекова Гульшат Джумабаевна. 

Гульшат Джумабаевнаны жарқын жетістігімен құттықтай отырып, педагогикалық қызметінде кәсіби шығармашылық табыстар тілейміз. 

Гимназиямыздың абыройын асқақтатар ұстаздарымыздың саны арта берсін!