«Парасатты отбасы» байқауы
Отбасы – шағын мемлекет, сыйластық пен жарасымның ортасы, бақыт мекені. Отбасындағы жүйелі қарым-қатынас арқылы қоғамда адал еңбекке, сыйластыққа, парасаттылыққа қол жеткізуге болады. Осыған сәйкес, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат ойлы оқушыны анықтау мақсатында Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясында мектепішілік «Парасатты отбасы» байқауы өтті. Қашықтықтан өткен байқауға 1-10 сынып оқушыларының отбасы белсене қатысып, өз бейнероликтерін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы «үздік» деп таныған отбасыларды анықтап, І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады. Жүлделі орындарға ілікпей қалған отбасылар арнайы номинациялар бойынша алғыс хаттарға ие болды.
6 «Б» сынып оқушысы
Аязбай Камила