Республикалық «Мың жүйрік» байқауы
Мемлекеттік тіл – халықтардың бір-бірімен ынтымақтасатын, сөз байласатын, түсінісетін, табысатын, татуласатын қарым-қатынас құралы. Мемлекеттік тілді білу – баршаға міндет. Тілдің маңызын арттырып қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың бойына дарытуға атсалысуымыз керек. Бұл – ортақ міндетіміз. Осыған орай, «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен республикалық «Мың жүйрік» ағартушылық жобасы алғаш рет өткізілді. Қазақ тілін меңгеруге арналған ағартушылық жобаға республика аумағында тұратын 300-ге жуық этнос балалары қатысып, ережеде көрсетілген талаптарға сай 4 бағыт бойынша өз өнерлерін бейнеролик арқылы ұсынған.
Қазылар алқасының төрағасы Қ.Сапарханұлы қатысушы үміткерлердің өнерін жан-жақты сараптай келе, олардың ішінен ережеге сәйкес 10 баланы таңдағанын айтады. Соның ішінде «Мың жүйрік» байқауында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып үздік боп танылған гимназиямыздың 7 «В» сынып оқушысы Эльзара Халилова марапат төрінен көрінді. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сый-сияпаттар табысталды.
6 «Ә» сынып оқушысы
Дәулет Алияр