01
наурыз
2022
Алғыс айту – парызым
2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін «Алғыс айту күні» деп жариялаған болатын. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке. Азаматтардың бір-біріне құрмет білдіретін күні. Көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күн – мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласының жарқын символы. Гимназиямызда «Алғыс айту – парызым» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
6 «Б» сынып оқушысы
Бағдат Медина