Наурыз мейрамы
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Наурыз – жер шуаққа кенелетін жыл басы. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да жаңарады. Қазақтың сайын даласын Қыдыр ата кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Бұл күні адамдар бір-біріне деген реніштерін тарқатып, төс қағыстырады. Наурыз мейрамын бүкіл ел болып атап өтіледі. Ағаштар отырғызылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Жеті түрлі дәмнен «Наурыз көже» әзірленеді. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз-Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған.
Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады. Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді. Наурыз - табиғаттағы бар тіршілік оянып, жер дүние нұрға бөленетін ғажап мейрам.
6 «Б» сынып оқушысы
Бейбіт Каусар