17
ақпан
2023
БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН 600-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕҢІЛДІКТІ ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЫМЕН 2,3 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ
БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН 600-ГЕ ЖУЫҚ ЖЕҢІЛДІКТІ ШАҒЫН НЕСИЕ БЕРУ ЖОСПАРЫМЕН 2,3 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНЕДІ 📌Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуде алдағы егіс, сондай-ақ АӨК дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі. Биыл Алматы облысында шамамен 454,9 мың гектар жерге егін егу жоспарланып отыр. Көбінесе бұл дәнді дақылдар, бұршақ дақылдары және жемшөп дақылдары болады. 📌Ербол Қарашөкеев «Кен-дала» бағдарламасы бойынша көктемгі науқанды қаржыландыруға былтырғы жылдағыдай 140 млрд теңге қарастырылғанын, сондай-ақ 3200-ден астам тауар өндірушілерді қамтуды және 2 млн гектарға егіс пен егін жинауды қамтамасыз етуді көздеп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Азық-түлік корпорациясы арқылы форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады. Еліміздің фермерлері нарықтық бағадан 15% төмен бағамен төмен, жалпы көлемі 413 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын ала алады. 📌Өткен жылы Алматы облысында 608,6 мың тонна