ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ!!! » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ!!!
31
наурыз
2025

ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ!!!



Әке – отбасының асқар тауы, қорғаны, ұрпағына сара жол сілтер шамшырағы. Оның әрбір ісі – бала үшін өнеге, әрбір сөзі – өмірлік сабақ.
Қалалық білім бөлімі мен Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен «ӘКЕ ЖОЛЫ – ІЗГІ ЖОЛ» қалалық әкелер форумы – осы асыл мұратты дәріптеуге арналды.
Бұл шараның басты мақсаты – әкелер институтын дамыту, отбасылық құндылықтарды насихаттау және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі әкенің рөлін арттыру. Форумға Тараз қаласының жалпы білім беру мекемелеріндегі әкелер кеңесінің төрағалары (78 әке) мен мектеп директорларының құқықтық ісі жөніндегі орынбасарлары (28 ер азамат) қатысты.
Форум спикерлері мен қонақтары:
✅ Мыңбаев Сәрсенбай Бердалыұлы – Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі жанынан құрылған әкелер кеңесінің төрағасы.
✅ Қуанышев Еркін Тілешұлы – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі.
✅ Әлмұратов Бақыт Темірханұлы – әлеуметтанушы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы.
✅ Тотаев Сейтхан Төреханұлы – Тараз қаласы әкелер кеңесінің төрағасы.
✅ Бағжанов Дәурен Орайұлы – "Сенімен болашақ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ Жамбыл облыстық филиалының басшысы.
Форум барысында әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасындағы әке беделін нығайту және ұлттық тәрбие құндылықтарын жаңғырту мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, «Бала тәрбиесі – басты құндылық!» атты сахналық қойылым көрсетіліп, қатысушыларға ой салды.
Әке – ұрпақтың шамшырағы, тәрбие берер тірегі!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив