Ерлік сағаты » КГУ "Гимназия №1 имени Алихана Бокейханова отдела образования акимата города Тараз"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-34-92
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-29-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сәуір
2022

Ерлік сағаты


26 сәуір күні Оңтүстік өңірлік әскери бөлімшесінің полковнигі - А.И.Жусупов пен подполковник Э.О.Жумашеваның қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Әлихан Бөкейханов атындағы №1гимназияның 10-сынып оқушыларына ерлік сабағы өткізілді. Ерлік сабағында әскери өмірдің қызығы мен қиындығы, Отан алдындағы азаматтық борыш, патриоттық сезімді арттыру жайлы дәріс беріліп, танымдық бейнежазбалар көрсетілді. 

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы –Ұлы Отан соғысы. Отанын жаудан қорғау үшін көпұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерлігімен жауға қарсы тұрды. «Ерлік  - елге  мұра, ұрпаққа ұран » демекші, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес!

Мемлекетіміздің кең байтақ жері, оның қойнауындағы мол қазынасы, көлі мен тауы, шөлі мен нуы – халқымыздың игілігіне жарататын, атадан балаға мирас етіп қалдыратын баға жетпес байлығы. Сол «елім, жерім», деп еңіреген ерлердің арқасында ұланғайыр жерге иеміз. Осы жерімізді қорғап, қызғыштай қорып, байлығын игеріп, халық қажетіне жарату ол осы қазір ғұмыр кешіп жатқан ұрпақтың еншісінде. Қазақ ұлын да, қызын да жастайынан ержүрек те батыл, тура да шыншыл, намысқой етіп тәрбиелеген. 

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, айтылған құнды ақпараттар үшін қонақтарға ризашылықтарын білдірді. 

Отанды қорғау – абыройлы міндет, әр азаматтың қасиетті борышы.