06
наурыз
2025
ТҮЛЕКПЕН КЕЗДЕСУ – БОЛАШАҚҚА БАҒДАР!
2025 жылдың 28 ақпанында гимназиямыздың 10-сынып оқушылары мен біздің түлегіміз Нұрмаханбетова Мөлдір арасында естен кетпес кездесу өтті!
🔹 Кездесудің мақсаты – оқушыларға болашақ кәсіби жолдарын дұрыс таңдауға көмектесу және түлектердің өмірлік тәжірибесімен бөлісу. ✨
🌍 Мөлдір шет елде оқу мүмкіндіктері, кәсіби даму жолдары және мансапты жоспарлау бойынша құнды кеңестерімен бөлісті. 💡📚 Оның жетістігі оқушылар үшін үлкен үлгі болды!
🗣 Кездесу ашық сұрақ-жауап форматында өтті, бұл оқушыларға өздерін қызықтыратын сұрақтарын еркін қоюға мүмкіндік берді. 🤝🔍
🎯 Осындай шаралар – болашақ мамандық таңдауда сенімді қадам жасауға көмектеседі!