06
наурыз
2025
Кездесу
Тараз қаласының Мансап орталығы өкілдері гимназия оқушыларымен кездесті! 🎓✨
📅 28 ақпан күні Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 9-11 сынып оқушылары үшін Тараз қаласының Мансап орталығының өкілдері арнайы кездесу өткізді.
💼 Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Әміреев Мұрат Өмірбекович оқушыларға #Enbek.kz порталының мүмкіндіктері мен жастар практикасы туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол еңбек нарығындағы сұраныстар, жұмысқа орналасу бағдарламалары мен қолжетімді мүмкіндіктер жайында баяндап, оқушыларды ерте бастан кәсіби бағдар алуға шақырды. 🚀
🎤 Мурзатаева Улбосын Айбусиновна өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, еңбек жолындағы маңызды кеңестерін айтты. Ол жастарға болашақ мамандық таңдауда саналы шешім қабылдаудың маңыздылығын түсіндіріп, мотивациялық әңгіме өрбітті. 🌟
📝 Кездесу барысында оқушылар мамандықтар, еңбек нарығының талаптары және болашақ мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойып, оларға жан-жақты жауап алды. ✅
🔹 Мұндай шаралар жас ұрпақтың болашақ кәсіби бағытын айқындауына зор үлес қосады!