04
сәуір
2025
Ашық есік күндері
Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия оқушылары "Ашық есік күндеріне" қатысты.
2025 жылдың 2 сәуірінде гимназиямыздың 10-сынып оқушылары Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінде өткен мамандықтар көрмесіне қатысты. Бұл шара "Ашық есік күндері" аясында ұйымдастырылып, ҰБТ-да "химия-физика" және "химия-биология" пәндерін таңдаған оқушыларға арналды.
Көрмеде оқушыларға Менделеев атындағы РХТУ ректоры м.а. Румянцев Е.В., Дулати атындағы ТарУ ректоры Байжуманов М.К., ТОО "Казфосфат" директоры Болатов К.Б. және Тараз қаласындағы Менделеев атындағы РХТУ директоры Колоколов Ф.А. кәсіби бағыт-бағдар берді.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жоғары оқу орнына түсуге қатысты құнды ақпарат алды. Бұл кездесу олардың болашақ мамандық таңдауына үлкен септігін тигізді.