Жақсы ұстаз – жақсы тәлім-тәрбиенің өзегі
Ұстаз – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы,маңызды
тәлім-тәрбие өнегенің бастаушысы,жарқын үлгісі бала қиялын
самғатып, арманын көкке ұмтылдырушы тұлға.
М. Жұмабаев
Ұлы Абай сарынымен айтсақ, барлығы білім заманында бой емес, ой түзейді. Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, қиыннан қиыстыру, нағыз ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім",–деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы.
Ұстаз – балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, тәрбиелі,білімді,мәдениетті болуына ықпалын тигізеді.Тәлім-тәрбие беріп,баланың арман-қиялын көкке жеткізетін де,осы–ұстаз. «Ұстаз» деген сөзге лайық болу үшін білімді,шығармашыл болу керек екенін жақсы түсінемін. Ол үшін әрқашан біліктілігін арттырып, үнемі тынбай еңбек етіп отыру қажет. «Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», - дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар.
Қорыта келгенде, “Ғылым қалғып кетсе, қараңғылық бас көтереді” дегендей, заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жүргізу алдымызда отырған бала тәрбиесіне зор ықпал ететіні белгілі. Сондықтан ұрпағымыз ұқыпты болса, болашағымыз жарқын болады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей кемелденген азаматтарды тәрбиелеудегі біліміміз бен білігімізді, қажыр-қайратымызды, «Ұстаз» деген атқа лайықты қолдана білейік, әрқашан талмай еңбек етуден жалықпайық!!!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі